Еуразия ұлттық университетінде АҚШ пен Қазақстанда бизнес жүргізу тәжірибесі талқыланды
Еуразия ұлттық университетінде АҚШ пен Қазақстанда бизнес жүргізу тәжірибесі талқыланды
312
оқылды
Спикерлер Америка Құрама Штаттарында бизнесті бастамас бұрын салық, иммиграция және еңбек заңдарын зерделеудің маңыздылығын атап өтті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде АҚШ пен Қазақстанда компаниялар ашу тәжірибесі туралы қонақтық дәріс оқылды деп хабарлайды Aikyn.kz. Қаржы кафедрасының ұйымдастыруымен дәріс жыл сайын оқу жылының басында өткізіледі. – Тақырыптың өзектілігі мемлекет пен жеке сектор институттарының өзара тиімді ынтымақтастығы қазіргі заманға сайын сұранысқа ие екенін көрсетті. Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен оны дамыту құралдарына ерекше көңіл бөлді. Мақсатымыз – АҚШ-та отандық кәсіпорындар мен компаниялар құру мысалында студенттердің білімін тереңдету, практикалық тәжірибе жинақтау, сыни ойлауын дамыту, – дейді кафедра профессоры Ботагөз Сапарова. Шара барысында заңгерлер, Леоне Жгун заң фирмасының негізін қалаушылар Артем Жгун мен Алексей Войскович компания қызметі туралы айтып, АҚШ пен Қазақстанда бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Заң мамандығын оқығаннан кейін Майамиде заңгерлік фирма аштық. Біз бірнеше салада заңгерлік қызмет көрсетеміз. Біз негізінен корпоративтік, көші-қон, келісім-шарт құқығы, мүлікті тіркеу мәселелерімен айналысамыз. Осы салада бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін біз АХҚО-да кеңсе ашуды ұйғардық. Біз де қазір Алматыда кеңсе ашып жатырмыз. Мақсатымыз – Америка мен Қазақстан арасында көпір салу. Яғни, американдық компаниялардың осында келуін, қазақстандық компаниялардың америкалықтармен келісімшарт жасасуын қалаймыз, – дейді Алексей Войскович. Сондай-ақ спикерлер АҚШ-та бизнесті бастамас бұрын салық, иммиграция және еңбек заңдарын зерделеудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде «Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту» жобасының жетекшісі Тұрар Жолдасбаев табыс тарихымен бөлісіп, қазақстандық бизнесті дамытудың маңыздылығына тоқталды. Өзіңіз үшін дұрыс ортаны таңдау маңызды. Көп нәрсе адамдарға, кіммен бизнес құрып жатқаныңызға байланысты. Студент ретінде уақытты бағалап, әртүрлі адамдармен араласып, жобалармен айналысу керек. Бизнес экономиканың негізгі драйвері екенін есте ұстаған жөн. Неғұрлым бизнес жобалары көп болса, соғұрлым қоғамымызға тигізер пайдасы зор деді спикер. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қонақтық дәріс кәсіби бағдарланған. Дәрісті дайындау және оқу процесінде алған білім, білік және дағды қатысушыларға курстық және дипломдық жұмыстарды орындау кезінде, өндірістік және бакалавриаттағы тағылымдамадан өту кезінде, сондай-ақ олардың болашақ кәсіби қызметінде қажет болады.