«Күнделік» платформасы ақылы болады деген хабарлама тарады
«Күнделік» платформасы ақылы болады деген хабарлама тарады
1,138
оқылды
Қазақстандық Telegram-чаттарда «Күнделік» бағдарламасы немесе электронды күнделік ақылы болады, енді ата-аналар баланың үлгерімін тексеру үшін ақша төлейді деген ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады stopfake.kz. Бұл ақпаратты Оқу-ағарту министрлігі жоққа шығарды.
«Күнделік» – қазақстандық мектептерге арналған цифрлық білім беру платформасы.  Негізгі функционал оқушыларға, педагогтерге және ата-аналарға тегін ұсынылады. Бұл кіру, бағалау, үй тапсырмалары, сабақ жоспарлары және т.б. Бұл опциялардың ақылы болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Баршаңызды әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпаратқа сенбеуге және оны әрдайым ресми дереккөздерде тексеруге шақырамыз.