ІІМ 3 жаңа облыстың көлік жүргізушілеріне үндеу жолдады
ІІМ 3 жаңа облыстың көлік жүргізушілеріне үндеу жолдады
© polisia.kz
Жаңа облыстардың автокөлік иелері аймақтың жеке коды бар нөмірлерді ала бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер министрлігі Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында мемлекеттік нөмірлік белгілерде өңірдің жеке кодын бере отырып, көлік құралдарын тіркеуді бастады. Бүгіннен бастап тіркеу кезінде оларға өңірлердің жаңа кодтары бар нөмірлер беріліп жатыр. Абай облысында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің аймақ коды – 18, Жетісу облысында – 19 және Ұлытау облысында – 20 сандық белгісі бар. Тұрғындар өз автомобильдерін еліміздің кез келген мамандандырылған ХҚКО-да тіркей алады. Бұл ретте, жаңа облыстардың тұрғындарына өңірлердің бұрынғы цифрлық белгілері бар ескі мемлекеттік нөмірлік белгілерді жаңаларына ауыстыру талап етілмейді.
– Қыркүйектен бастап азаматтарға ыңғайлы болу үшін ХҚКО-да жоғары сұраныстағы нөмірлерді дайындауға арналған барлық өтінімдер олардың ЖСН-не (немесе заңды тұлғалар үшін – БИН) және төленген түбіртектерге байланыстырылады. Бұл әртүрлі өңірлерде бір нөмірге бірнеше өтінім берілетін және азаматтарда оларды қандай да бір тұлғаға берудің басымдылығында сұрақтар туындайтын тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді, өйткені ХҚКО-ларда бұдан былай беделді “келешекке” нөмірлерге тапсырыс берілмейді, тек қана азаматтардың жеке тапсырыстары бойынша ғана, – деді ведомствода.