Жәнібек Әлімханұлы англиялық боксшыға қарсы чемпиондық атағын қорғайды
Жәнібек Әлімханұлы англиялық боксшыға қарсы чемпиондық атағын қорғайды
932
оқылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) алғаш рет орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды. Boxingscene-ның хабарлауынша, Әлімханұлы 12 қараша күні Лас-Вегаста (АҚШ) шаршы алаңға шығып, англиялық боксшы Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) қарсы жұдырықтасады. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 27 тамыз ресми қаулы шығарды, Деметриус Андраденің міндетті жекпе-жектен бас тартуына байланысты, қазақстандық боксшыға «уақытша» чемпионнан орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша толық құқылы әлем чемпионы мәртебесін берді.