Қыркүйектің соңында төрт аймаққа қар түсуі мүмкін - Қазгидромет
Қыркүйектің соңында төрт аймаққа қар түсуі мүмкін - Қазгидромет
4,101
оқылды
26 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), бұршақ күтіледі, – деп хабарлайды Қазгидромет. Өңірдің солтүстік-батысынан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, күндіз 5-10 градусқа дейін күрт төмендеп, одан әрі салқындайды.
«27 қыркүйекте Қостанай облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-8 градусқа дейін күрт төмендеп, одан әрі салқындайды», – деп жазды ведомство.
28 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 5 градус суық, күндіз 3-8 градусқа дейін күрт төмендеп, одан әрі салқындайды. Синоптиктер осы күні Қарағанды облысында жауын-шашын, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі деп отыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығыс жартысында екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус суық, күндіз 5-10 градусқа дейін төмендеп, одан әрі салқындайды.