Сатқындар! - Алматыдағы пәтер иелері жалға алған отбасыларды қуып шығып жатыр (видео)
Сатқындар! - Алматыдағы пәтер иелері жалға алған отбасыларды қуып шығып жатыр (видео)
4,329
оқылды
Елімізге ағылған ресейліктердің нөпірінен Алматы қаласында жалға берілетін пәтер ақысы 3-4 есеге көтеріліп кеткенін жазып жатыр БАҚ. Пәтер иелері бір күнде көтерген бағамен келіспеген пәтер жалдаушыларды қуып шығуда. Заманауи жырау, қоғам белсендісі Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында сондай оқиға кезінде түсірілген бейнежазбаны жариялады. 
"Міне, кейбір қазақтың шынайы келбеті. Ақша десе, бір-бірімізді сатып кететініміздің тағы бір дәлелі! Ертең Алла сақтасын, соғыс болса, елден бірінші қашатын осындайлар ғой. Бұларды уақытында орнына қою керек деп ойлаймын. Тек “пәтер өзінікі, не істесе де өзі біледі” дейтіндерге айтарым, бұлардың әрекеті ҚАЗАҚ ұлтына қарсы жасалған қылмыс! Қазақтың басына қиын іс түскенде, жат елдікке көмектесу - Отаныңды сатқанмен тең! Осындай “крысалар” ақша үшін туыңды таптап, жауыңды жақтап кетпесіне кім кепіл?", – деп жазды Жан.