ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2022 жылдың 19 қыркүйегінде "2022-2023 жылдарға арналған тұмау мен ЖРВИ бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы" Қаулыға қол қойды, Осыған байланысты қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне медициналық ұйымдарды 2022 жылдың 3 қазанынан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындау тапсырылды. Сонымен қатар, мынандай талаптар қойылады:
- медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету;
- ғимаратта және оған қатысты территорияда тиісті сілтеме белгілерін қоя отырып, кіреберіс есікте "фильтр" жабдығын орнату және ұйымдастыру;
- келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;
- мобильді бригадалардың үйге шақырулар бойынша қызмет көрсетуі үшін жағдай жасау;
- медициналық ұйымдардың ішінде кемінде + 18 °С, перзентхана блогында кемінде + 22 °С температуралық режимді қамтамасыз ету.