Қарулы топты ұстау кезінде полиция қызметкері жарақат алды
Қарулы топты ұстау кезінде полиция қызметкері жарақат алды
476
оқылды
23 қыркүйек күні сағат 11.30 шамасында Қарағанды қаласында белгісіз біреулер қару қолданып, жергілікті тұрғынның өміріне қасақана қастандық жасаған, деп хабарлайды ІІМ әлеуметтік желідегі парақшасында. Қаскөйлер оқиға орынынан автокөлікпен іздерін жасырған. Күдіктілердің бірі өздерінің ізіне түскен полиция қызметкерлеріне қару қолданып, қашып кетпекші болған. Оны ұстау барысында жедел уәкілдің бірі жараланды. Аталған дерек полицияда тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар атқарылуда.