Головкинді жеңген "Канело" әлемнің ең үздік боксшылар рейтингінде төмен сырғыды

Головкинді жеңген "Канело" әлемнің ең үздік боксшылар рейтингінде төмен сырғыды

ESPN порталы барлық салмақ дәрежесі бойынша ең үздік боксшылар тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz.

Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді жеңгеніне қарамастан аталмыш порталдың тұрақты 19 сарапшысы "Канелоны" бірінші орынға қоймады. Мексикалық спортшы тек  5-орында тұр. Төменде сарапшылар пікірі бойынша ең үздік 10 былғары қолғап шеберінің тізімі.

1. Теренс Кроуфорд;
2. Наоя Иноуэ;
3. Эррол Спенс;
4. Александр Усик;
5. "Канело" Альварес;
6. Тайсон Фьюри;
7. Артур Бетербиев;
8. Дмитрий Бивол;
9. Шакур Стивенсон;
10. Василий Ломаченко.

Еске салайық, Альварес Лас-Вегастағы трилогияда Геннадий Головкинді жеңіп, екінші орта салмақта WBA Super, WBO, WBC және IBF белбеулерін қорғап қалды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.