Қордалы мәселелер қалтарыста қалмайды

мәселе
© коллаж: Қуаныш Аман

«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалы жанын­дағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Мемлекеттік басқаруды дамыту және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.

Отырыста көпқабатты тұр­ғын үйлерді қайта жаңғырту жұ­мыстарының барысы және азық-түлік тауарларының бағасын рет­теуге байланысты қолданыл­ған шаралар туралы мәселелер талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан жүргізілген рейдтер кезінде жұмыстардың сапасы мен азық-түлік бағасына қатысты анықталған жағдайлар бойынша ұсыныстар мен тиісті сала басшыларының есептері тыңдалды.

Кеңес мүшелері тарапынан азық-түлік бағасына қоғамдық бақылау жүргізу кезінде картоп, пияз, жұмыртқа секілді әлеу­меттік маңызы бар өнімдердің бағасында 5-10 теңге аралығында өзгерістер байқалғандығы ай­тылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік са­ласының басшылығына заң та­лаптарына сәйкес сауда орын­дары өкілдерімен түсіндіру жұ­мыстарын жүргізу және тауар қым­баттауына жол бермеу ба­ғытында шара қабылдау мүмкін­дігін қарастыру жөнінде ұсыныс берілді.

Мұнымен қоса, жиын бары­сында көпқабатты тұрғын үй­лерді қайта жаңғырту жұмыстары жөнінде де бірқатар мәселе кө­терілді. Бүгінде Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1406 көп­пәтерлі тұрғын үй бар. Олардың 1192-сі кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында тір­келген. Биыл қала аумағын­дағы 58 көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жиын соңында атқарылған жұмыстардың сапасына қоғам­дық бақылау тұрақты түрде жүр­гізіліп тұратындығы айтылды.

Азат ҚАЗАҚ

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.