Жұлдыз Сүлейменова: Тұрақтылығымызды арттырып, тұтастығымызды нығайтады
Жұлдыз Сүлейменова: Тұрақтылығымызды арттырып, тұтастығымызды нығайтады
255
оқылды
Президент сайлауы – соңғы 3 жылда жү­зеге асырылған саяси реформалардың негізді жалғасы. Олай дейтініміз, 2019-2022 жыл­дары Президенттің саяси бастамалары­ның мазмұнды және ауқымды пакеті заңна­малық деңгейде жүзеге асырылды. Президент бір мерзімге ғана сайланады. Бұл – билік монополиясын болдырмайды. «Әділетті Қазақстан» құру жолында халық­тың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік трасформация­ны толыққанды әрі нәтижелі жүзеге асыру үшін Президентке жаңа сенім мандаты қажет. Жаһандық саясаттың күрделі ке­зеңінде Президентті демократиялық жолмен сайлау халықты мем­лекетшілдік мүддеге ынтымақтастыруға және біріктіруге бағытталған. Сайлау елімізде жүзеге асырылған Конституциялық реформалардың қорытындыларын бекітеді және әлеуметтік-эко­номикалық саладағы реформаларды жалғастырып, нәтижелерін айқындайды. Бұдан өзге, Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет сайлау­дың өтетін мерзімі саяси сарапшылармен алдын ала болжанды. Президенттің кезектен тыс сайлауы туралы Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында мәлімдеді. Ал Жарлыққа бір айға жуық уақыт өткенде қол қойылды. Барлық саяси күштердің сай­лауға дайындалуға, қоғамдық талқылау өткізуге және алдын ала стратегияларын айқындауға уақыт жеткілікті болды. Ал бұған дейінгі саяси дәстүр бойынша кезектен тыс сайлаудың уақытын жариялау мен Жарлыққа қол қою бір күнде болатын. Сонымен қатар, Президент алдағы Парламент сайлауының уақытын кем дегенде алты ай бұрын айтып отыр. Барлық саяси күштердің алдағы Парламент және мәслихат сайлауларына дайындалуға жеткілікті уақыты бар. Қазіргі халықаралық және өңірлік қақтығыстарды ескере отырып, әсіресе посткеңестік кеңістікте болып жатқан жағдай­ларда мемлекеттігімізді нығайту ерекше өзекті. Демократиялық жолмен орныққан саяси жүйе институттарын трансформациялау – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік. Президент сайлауы – халық бірлігін нығайтуға, азаматтық қоғамды және билікті үйлесімді әрекет етуіне ықпалдастырады. Демократиялық және орнықты жаңа саяси мемлекеттік басқару институттарын қалыптастыру елі­міздің тұрақтылығы мен тұтастығын арттырары сөзсіз.