Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды
Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды
846
оқылды
Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) комитеті орта салмақтағы суперчемпион Геннадий Головкин мен осы санаттағы чемпион Эрисланди Лара арасында жекпе-жек өткізуді міндеттеді. Тараптарға келіссөзге 30 күн берілді – 2022 жылдың 23 қыркүйегінен 23 қазанына дейін. Головкин - Лара жекпе-жегі орта дивизиондағы жалғыз WBA әлем чемпионын анықтайды. Бұған дейін WBA Геннадийге екінші орта салмаққа өтіп, Сауль «Канело» Альвареспен осы санаттағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласуға арнайы рұқсат берген болатын. Бірақ ол орта салмаққа қайта оралып, Ларамен кездесуі тиіс деген шарт қойды. GGG - «Канело» III жекпе-жегі 18 қыркүйекте өтіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен мексикалықтың жеңісімен аяқталды.