"Ақтау теңіз порты" кеден бекеті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
"Ақтау теңіз порты" кеден бекеті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
"Ақтау теңіз порты" кеден бекеті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Astana TV.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты іс жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы - "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы бірнеше рет пара алуы" бойынша қолға алынды. Басты күдікті екі айға қамауға алынды.
«Тергеу барысында кеден бекеті басшысының орынбасары әшкереленді. 10 қыркүйекте сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір тергеу органы қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде», - деді Маңғыстау облысы прокуратурасының аға прокуроры Әсет Бекқайыров.