Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан үш адам қаза тапты
Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан үш адам қаза тапты
580
оқылды
Жетісу облысында көлік апатынан үш адам мерт болып, екеуі жарақаттанды. Көлік апаты 24 қыркүйек күні Сарқан ауданындағы Алмалы ауылының маңында болған.
«Тойота Хайлюкс көлігін 38 жастағы тұрғын тізгіндеген. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 427-шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында үш адам мерт болды»,- делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көлік жүргізушісі мен 48 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.