Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1868-ге жетті
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1868-ге жетті
Фото: Интернеттен алынды
269
оқылды
РИА Новостидің жазуынша, Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 72,4 мыңнан асты. ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау мәселелері бойынша комитетінің мәліметінше, оның 1,8 мыңнан астамы қайтыс болды. 12,5 мың адам емделіп, ауруханадан шықты. Өткен тәулікте жалпы ел бойынша 1886 жұқтырудың расталған жағдайы анықталып, 98 өлім-жітім тіркелді, 1701 науқас емделіп, шықты. Кеше ҚХР билігі 105 адам қайтыс болғанын хабарлаған. «РЕН ТВ» арнасының есебінше, COVID-2019 коронавирусын жұқтырғандардың жаңа өлім саны қатарынан бесінші күн азайғаны байқалады. Айта кетейік, Қытай билігі былтырдан бері коронавируспер күресіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын халықаралық төтенше жағдай деп танып, эпидемияға COVID-2019 атауын ресми түрде берді.