"Аватар" фильмі қазақ тіліне аударылды
"Аватар" фильмі қазақ тіліне аударылды
986
оқылды
"Аватар" фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен қазақ тілінде қалың көрерменге жол тартады. Бұл туралы 24 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында жазды.
«Достар, сіздерді керемет жаңалықтан хабардар еткім келіп отыр. Осы жексенбіден бастап еліміздің кинотеатрларында кинематография тарихындағы ең жоғары кассалы және көрермендер тарапынан зор сүйіспеншілікке ие болған «Аватар» фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен қазақ тілінде қалың көрерменге жол тартады. Түпнұсқаны қайта шығарудағы мақсат – кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильмі болады деп күтіліп отырған «Аватар: Су жолы» екінші бөлімінің шығуымен орайластырылып отыр. Оның да премьерасы ана тілімізде биыл 16 желтоқсанда болады. Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оның локализациясы және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс атқарды. Бұдан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігі «Интервидео» компаниясымен бірлесіп әлемдік премьерасы алдағы 10 қарашада өтетін MARVEL әлемінің «Қара пантера: мәңгі Ваканда» фильмін де қазақ тіліне дубляждайтынын айта кеткім келеді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды жалғастырып, картиналардың қазақ тіліндегі прокатын көбейте беретін боламыз»,- деп жазды министр.