Қарағандыда болған атыс видеоға түсіп қалған
Қарағандыда болған атыс видеоға түсіп қалған
1,966
оқылды
Қарағандыда болған атыстың видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп жазады Inform.kz. Көшедегі бейнебақылау камераларынан алынған видеодан белгілі болғандай, атыс Қарағандының Тәттімбет көшесінде басталған. «ВАЗ 2114» автокөлігінде болған шабуылдаушылар «BMW X6» көлігіне оқ ата бастаған. Сондай-ақ көлік тұрағынан жолға шыққанда, «ВАЗ 2114» жүргізушісі өтіп бара жатқан көлікті соғып өтіп, ізін суытпақшы болған. Осы уақытта оқ астында қалған жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнелген. Тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлерді ұстауға тырысқан полиция қызметкері жарақат алды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Қазір  ол тергеуге алынды.