Астрахандық қазақтарды майдан даласына алып кетіп жатыр
Астрахандық қазақтарды майдан даласына алып кетіп жатыр
1,810
оқылды
Ресейдің Астрахан облысындағы этникалық қазақтарды Ресей Федерациясына әскери жұмылдыруға топтап алып бара жатқан бейнежазба жарияланды. Бұл туралы ZTB Telegram арнасы хабарлайды. Видеоны түсірген оқырманның айтуынша, Украинаға соғысқа аттанғандардың арасында бірде-бір орыс жоқ. Ресми деректерге сәйкес, Астрахан облысында қазақтардың 16%-ы тұрады. Ал мына видеодан байқағандарыңыздай әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым көпшілігі қазақтар. Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін әскерінің бір бөлігін мобилизациялау туралы шешім шығарған еді. Осыдан кейін ресейліктер елін тастап, басқа елдерге бет алды, олардың басым бөлігі Қазақстанға келуде.