Отанын тастап қашқандар бізді қарық қылмайды - Светқали Нұржанов
Отанын тастап қашқандар бізді қарық қылмайды - Светқали Нұржанов
3,250
оқылды
Рухты ақын, "Шыңға ілінген жетім жұлдыз", "Шамдалдағы нұр", "Аруана", "Жұлдыздардың жұпары» жыр жинақтарының авторы Светқали Нұржан ресейлік азаматтардың Қазақстанға қарай үдере көшуіне қатысты азаматтық пікір білдірді.
"Мен Светқали Нұржан - қазақ қаламгерімін. Ай астында қазақияның дүние тұрғанша тұруын жатпай-тұрмай тілейтін пәруананың бірімін. Бүгінгі таңның ақиқаты - Ресейден тасқындап құйылып жатқан қара топаннан дара Отанды қорғап қалу - Президенттен бастап, кез келген өзін қазақ сезінетін перзенттің қасиетті парызы!", - деді ол.
Ақын Светқали Нұржан ұдайы еліміздегі қоғамдық-cаяси өзгерістерге, әлеуметтік проблемаларға қатысты өзінің азаматтық ұстанымын ашық айтып келеді.
"Өз елінің заңына бағыну - әр адамның міндеті, сондықтан  Отанын тастап қашқандар бізді қарқалләзи [қарық] қылмайды. Онсыз да қасиетті тілімізге қатер төніп, жұмыссыздық пен қымбатшылық қабындап тұрғанда бұл лайлы тасқын жығылғанға жұдырық болуда. Сондықтан барлық халықаралық, мемлекеттік заңдар мен заңдылықтарды іске қосып, жедел тосқауыл қоюды талап етемін!" - деп жазды ақын.