Алматыда марафонға байланысты бірқатар көшелер жабылады
Алматыда марафонға байланысты бірқатар көшелер жабылады
248
оқылды
Алматыда марафонға байланысты бірқатар көшелер жабылады. Алматы үшін дәстүрлі іс-шараға әлемнің 30 елінен 15 жастан асқан әуесқой спортшылар қатысады. Ерлер мен әйелдер арасында барлық жас санаты бойынша жеңімпаздар үштігі медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарда абсолюттік санаттағы ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздарға ақшалай сыйлық беріледі. Мәреге жеткен барлық қатысушы естелік медаль алады. Жарысқа 12 мың спортшы қатысады. Сөре мен мәре Республика алаңында жоспарланған. Марафонға қатысушылар Сәтпаев, Сейфуллин, Әл-Фараби, Саин, Абай көшелерімен жүгіреді. 25 қыркүйек күні сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Жүгіріп өткен сайын жолдар ашылып отырады.