Көкшетаудың ұшар басы өртеніп жатыр - ТЖМ
Көкшетаудың ұшар басы өртеніп жатыр - ТЖМ
649
оқылды
25 қыркүйек күні таңертең жедел кезекшінің пультіне «Бурабай» МҰТП аумағындағы Көкшетау тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. Нақтыланған мәліметтер бойынша өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері белгіленіп жатыр.
"Өртті жоюға Ақмола облысының ТЖД және «Бурабай» МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті", – деп жазды ведомстводан.
Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша тұтануды жедел жою үшін Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды, ол да жану орнына бет алды.