Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары ұсталды
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары ұсталды
Биыл наурыз айында қызметінен босатылған Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталуда, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, ол үшінші елдердің пайдасына жұмыс істеген. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  М.Шайхутдиновтың өзі қамауға алынды. Айта кетейік, бұған дейін, жылдың басында Марат Шайхутдиновтың Қаңтар оқиғасына байланысты «мемлекетке сатқындық жасады» деген айыппен тұтқындалғаны жайлы дақпырт тараған еді. Алайда бұл деректің расталмаған болатын.