Жантүршігерлік апат: Ақмола облысында үш адам тірідей жанып кетті
Жантүршігерлік апат: Ақмола облысында үш адам тірідей жанып кетті
10,188
оқылды
Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 24 қыркүйекте «Степногор – Заводской» тасжолында болған.
«Анықталғанындай, Заводской бағытында жүріп бара жатқан «Lada Kalina» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Nissan Teana» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан «Lada Kalina» көлігі өртеніп, жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Ал, «Nissan Teana» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Степногор қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», – деді ведомство.
Департаменттің баспасөз қызметі атап өткендей, қазіргі кезде бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.