«Парламент Мәжілісінің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің інісі Ерлан Нығматулин қамауға алынды» деп жазған болатын Ulysmedia.kz.
"Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Нұрлан Нығматулиннің інісі алаяқтық жасады, салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарды, қаржыны жылыстатты деген күдікке ілінді" делінген ақпарат көзінің дерегінде.
Сонымен қатар, прокуратура қайда екені анықталмаған Нұрлан Нығматулинді де тергеуге шақырмақ. Соңғы деректерде оның 7 қыркүйекте БАӘ-інде жүргені айтылады.
Бұған дейін Мәскеу адвокаттар алқасының адвокаты Мәулен Әлімбаев Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның егіз інісі Ерланның рейдерлік әрекеттерге қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде танылғанын хабарлаған болатын.
Тамыз айында өткен баспасөз мәслихатында ол қылмыстық істің желісі екі ірі кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков пен Ерлан Нығматулиннің қарым-қатынасында екенін түсіндірген. Істі Антикор тергеп жатыр және ол осы жылдың сәуір айында басталған. Ерлан Нығматулин рейдерлікпен Сұлтанбековке тиесілі демалыс орнын тартып алған.
Балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков 2012 жылы Ерлан Нығматулинмен араздасып қалған. Осыдан кейін Сұлтанбеков 21 жылға түрмеге жабылады. Оның 10 жылын өтеді.