Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Тергеу барысында Қ. Сатыбалдыұлының аса сенімді адамы, бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры Эфенди Кемаль анықталды.

"Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру (жылыстату) болды. Ол үшін оған Қ. Сатыбалдыұлы шоттан ақша алуға сенімхат берген. Мысалы, Эфендидің бір эпизоды бойынша ғана 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айының 3 күн ішінде Қ.Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 млрд теңге және 62 млн ақша алған. Биыл ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүр. Оның құқыққа қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сараланып, іздеу жарияланды" делінген хабарламада. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.