Таразда 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан секіріп кетті

Таразда 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан секіріп кетті

Таразда 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан секіріп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

"Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталуда. Оның өлім алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейтін болады", – деп хабарлады полиция басқармасы.