Алматы облысында мектепті "миналаған" оқушы анықталды
Алматы облысында мектепті "миналаған" оқушы анықталды
Алматы облысының полицейлері мектепті “миналаған” жалған террористі анықтады. Аталған дерек Іле ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК 273-бабы бойынша «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» тіркелді.
«Жедел-іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Іле ауданының кәмелетке толмаған тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта заңды өкілдер мен психологтардың қатысуымен ол істеген қылмысын толығымен мойындады», – деді ведомствода.