Павлодарда 15 жастағы жасөспірім 14-қабаттан құлап кетті
Павлодарда 15 жастағы жасөспірім 14-қабаттан құлап кетті
301
оқылды
2022 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-ден 19.00-ге дейінгі уақыт аралығында Павлодар қаласының полициясына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала 14-қабаттан құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды деген хабар түсті. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды.
«Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.