Шуда 4 ер адамды жаралап, бір жігітті атып өлтірген күдіктілер ұсталды – видео
Шуда 4 ер адамды жаралап, бір жігітті атып өлтірген күдіктілер ұсталды – видео
Фото: yandex.kz
755
оқылды
Шуда болған атысқа байланысты күдіктілер ұсталды. Полиция қылмысқа қатысы бар барлық күдіктіні анықтады. Polisia.kz-тің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның екі белсенді қатысушысы – 22 және 27 жастағы Шу қаласының тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмас Саламатовтың айтуынша, кеше кешке Шу ауданының орталық ауруханасына 23, 25, 26 жастағы төрт жігіт жеткізілген. Төртеуі де оқ тиіп, жараланған.
Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмас Саламатов:  «Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ тағы бір күдіктіге қылмыстық қудалау органдарының шешімімен халықаралық іздеу жарияланды», – деді.