Бүгін қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін
Бүгін қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін
Фото: ratel.kz
598
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа райына солтүстік батыс циклоны әсер етеді. Атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр, солтүстікте қатты жаңбыр, түнде солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Қазақстанның қалған аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте, солтүстік-батыста бұршақ күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.