Серік Сәпиев туралы фильмде басты рөлді кім сомдайтыны анықталды
Серік Сәпиев туралы фильмде басты рөлді кім сомдайтыны анықталды
Фото: Интернеттен алынды
244
оқылды
Режиссер Ақан Сатаев боксшы туралы фильм түсірмек. Sataifilm-нің instagram-дағы парақшасында Серік Сәпиевтің өмір жолы жайлы «Боксшы» фильмінде бас рөлді сомдайтын актер белгілі болғаны жайлы жазды. Олимпиада чемпионының рөлін жас актер Смадиар Сабыров сомдайды. «Құрметті достар, сіздерге арналған маңызды хабарландыруымыз бар! Ақан Сатаевтың «Боксшы» фильмінде басты рөлді сомдайтын актердің бекітілгенін жариялаймыз. Ол – Смадиар Сабыров. Сомдалатын образ күрделі және жауапты, актерден қарқынды физикалық дайындықты талап етеді. Смадиардың бокста үлкен тәжірибесі бар. Оған қарамастан, қазiр күн сайын тәжірибелі бапкермен бокстан жаттығу үстінде және актерлік шеберліктің қыр-сырын танып, маңызды рөлге дайындалуда» делінген жазбада.   https://www.instagram.com/p/B8qzLNlpZOR/?utm_source=ig_web_copy_link