Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 27, 28 және 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер мәліметінше, алдағы тәулікте суық антициклон әсерінен күн күрт суытады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын орнына қар жауып, көктайғақ болып, тұман түседі және ауа температурасы минус мәнге дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Еліміздің солтүстік өңірлерінде термометр бағаны түнде 1-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін жылынады. Республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз термометр бағаны 15-23 градусқа дейін көтеріледі.