Жетісу облысында ер адам әйелін ұрып-соғып өлтірді
Жетісу облысында ер адам әйелін ұрып-соғып өлтірді
© baq.kz
2,695
оқылды
Жетісу облысында ер адам әйелін ұрып-соғып өлтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz Қайғылы оқиға Қаратал ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде болды. 26 қыркүйекке қараған түні ферма аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Жәбірленуші өзінің 47 жастағы азаматтық жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің біріне жұмыс істеп, оның малын баққан. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бір күн бұрын қонақтарды күткен, олар кеткеннен кейін араларында жанжал туындаған. Қонақтардың біріне әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан, әйел соққыдан оқиға орнында көз жұмған. Жәбірленушінің жұбайын полиция қызметкерлері ұстап, қамауға алды. Дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Осыған ұқсас дерек бір күн бұрын көршілес Ескелді ауданында болған. Қарабұлақ ауылындағы жеке үйлердің бірінен 34 жастағы әйелдің денесі табылды. Жәбірленушінің 45 жастағы жұбайының ұрып-соғудан қайтыс болғаны анықталды. Өз айғақтарында ер адам әйелінің ішімдік іше бастағанын және үйге қарауды қойғанын мәлімдеді. Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындап, ол әйелді ұрып-соғуға ұласқан. Тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде.