Қайрат Сатыбалдының Қаңтар оқиғасына қатысы бар ма?
Қайрат Сатыбалдының Қаңтар оқиғасына қатысы бар ма?
Фото: kapital.kz
1,284
оқылды
Астана қаласының соты Қайрат Сатыбалдының қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген айыпқа қатысты түсініктеме берді.
«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Қайрат Сатыбалдының қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін екендігін айтқан болатын. Тергеу бұған қатысты айыптауды ұсынған жоқ», – делінген сот мәліметінде.
Айта кетсек, бүгін Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты.
«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік және мемлекеттің үлесін құрайтын ұйымдарда лауазымға орналасу құқығынан айыра отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», – деген еді судья.
Сондай-ақ сот үкіміне сәйкес Қайрат Сатыбалды әскери шенінен айырылып, мемлекеттік ордендерді қайтаруға міндеттелді.