ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы соңғы мәліметтерді жариялады
ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы соңғы мәліметтерді жариялады
Фото:mgorod.kz
778
оқылды
Әлеуметтік желілерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жабылғаны туралы ақпарат таратылып жатыр. Бұл мәліметті Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоққа шығарды.
«Қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес жүзеге асырылуда. Ресейлік тараптан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ», – делінген хабарламада.