Ресейде мектептегі атыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті
Ресейде мектептегі атыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті
459
оқылды
Ижевск қаласындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, оның 11-і бала.
"Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыс салдарынан 39 адам зардап шеккенін, оның 15-і қайтыс болғанын анықтады, оның ішінде 11 бала және 4 ересек адам. 24 адам зардап шекті, оның ішінде 22 бала және 2 ересек адам", - деп хабарлады Тергеу комитеті.
Ресей ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, атыс ұйымдастырған ер адамның мәйіті табылды, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Ресейдің Ұдмұрт республикасындағы Ижевск мектебінде болған атыстан кейін 26-29 қыркүйек аралығы аза тұту күні болып жарияланды.