Ұлттық құрамадан жеңіс күтеміз
Ұлттық құрамадан жеңіс күтеміз
214
оқылды
Түркияның Изник қаласында 29 қыркүйек пен 4 қазан ара­лығында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Бұл жарыста Қа­зақстан құрамасы спорттың бес түрінен сайысқа түседі. Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитовтың айтуынша, ұлттық құрама негізі төрт спорт түрінен бағын сынайды.
«Бесіншісі қырғыз спортының бір түрі – «Көкбөріге» де команда қойып отырмыз. Жалпы, бес спорт түрінен де біздің қатысушылар, шабандоздар, садақшылар «сен тұр, мен атайын» деп тұр. Сондықтан барлығынан үлкен үміт, жеңіс күтеміз. 1-2-орындардан көрініп қалармыз», – деді ол.