Жел электр стансасы салынады
Жел электр стансасы салынады
262
оқылды
Елордада жел электр стансасының жұмысы басталады. Астана қаласының әкі­мі Алтай Көлгіновтің айтуынша, жел электр стансасы шетелдік жеке қаражат есебінен салынады. Қазір әкімдік Италияның ENI мұнай-газ компаниясымен (Arm Wind ЖШС), Энергетика министрлігі өкілдерімен бұл мәселені бірлесе пысықтап жатыр. Жел электр стансасының қуаты бірінші кезеңде 50 МВт болады. Одан кейін 100 МВт-тан аса ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жаңартыла­тын энергия көздері саласындағы бұл жоба электр энергиясының қосымша маңызды кө­лемін құруға мүмкіндік береді екен. Осы арқылы құ­рылысы жүріп жатқан болашақ аудандар электр энер­гиясымен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта тартылатын шетелдік жеке инвес­тициялар сомасы 50 млрд теңгеге жуықтайды. Қазір техникалық-экономика­лық негіздемесі әзірленіп жатыр.
«Мемлекет басшысы жаңартылатын энер­гия көздері секторын кеңейтудің және елі­міздің электр энергетикасы саласын дамыту­дың ерек­ше маңыз­дылығына тоқталып өтті. Себебі қа­зір энергетика ел экономика­сында негізгі рөл атқа­рады», – дейді шаһар басшысы. Өйт­кені Президент еліміздегі «жасыл» техно­логия­лардың үлесі 2030 жылға қарай 15 па­йызға дейін артуы тиіс екенін ерекше міндет­теген болатын.