Қаракөлге қоқиқаз қонды
Қаракөлге қоқиқаз қонды
Маңғыстауға биыл қызғылт қоқиқаз мезгілінен бұрын ұшып келді. Блогер Азамат Сәрсенбаев көл бетінде ұшып жүрген қоқиқаздардың әдемі бейнесін таспалап, әлеуметтік желіде жариялады.
«24 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Қаракөлден түсірдім. Биыл құстар ерте ұшып келді. Олар қарашаның ортасына дейін осында болады. Содан әрі Иран мен Түрікменстанға ұшып кетеді», – деп жазды блогер.
Қызғылт қоқиқаздың әлемде оннан астам түрі кездеседі. Бұл құс Қазақстанның Қызыл кітабына енген.