Маңғыстауға биыл қызғылт қоқиқаз мезгілінен бұрын ұшып келді. Блогер Азамат Сәрсенбаев көл бетінде ұшып жүрген қоқиқаздардың әдемі бейнесін таспалап, әлеуметтік желіде жариялады.
«24 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Қаракөлден түсірдім. Биыл құстар ерте ұшып келді. Олар қарашаның ортасына дейін осында болады. Содан әрі Иран мен Түрікменстанға ұшып кетеді», – деп жазды блогер.Қызғылт қоқиқаздың әлемде оннан астам түрі кездеседі. Бұл құс Қазақстанның Қызыл кітабына енген.