Бүгін жаңбырдың соңы қарға ұласады – Қазгидромет
Бүгін жаңбырдың соңы қарға ұласады – Қазгидромет
Фото: nur.kz
 Қазгидрометтің мәліметінше, ауа райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Өңірлердің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Шығыста нөсер жаңбыр, солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Қазақстанның батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстігінде, шығысында – найзағай, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.