ТМД дәрігерлері бас қосты
ТМД дәрігерлері бас қосты
257
оқылды
Түркістанда Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі және ТМД Атқарушы комитетінің ұйымдастыруымен осы саладағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің 35-ші отырысы өтті. Іс-шараға ТМД елдерінің денсаулық сақтау министрлері, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Х.Клуге, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкіл­дері қатысты. Отырысты ашқан Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл Қазақстан Беларусь және Қырғыз Республикасының тең төрағалығы жанындағы ТМД ден­саулық сақтау саласындағы ынтымақ­тастық жөніндегі кеңеске, кеңес мүше­лерінің, базалық ұйымдар мен комиссия­лар басшыларының, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің белсенді қолда­уына төрағалық еткенін айтты. Кеңес аясында 24-тен астам іс-шара өткізіліп, 100-ден астам мәселе қаралған.
«Кеңестің халықаралық ынтымақ­тастығы медициналық ғылым мен прак­тиканың өзекті мәселелерін шешуде үкі­метаралық ұйымдардың, жекелеген медициналық мекемелер мен маман­дардың күш-жігерін біріктіру мақсатында Денсаулық сақтау мен медицина пробле­маларының кең спектрін қамтитынын атап өткен жөн. Біздің халықаралық әріп­­тестеріміз – дәстүрлі түрде Парла­ментаралық Ассамблея, ДДСҰ, ЮНЕСКО, ЕЭК және ТМД-ның басқа да ұйымдары», – деді министр.
Сондай-ақ ол кеңестің COVID-19, туберкулез және инфекциялық ауруларға қарсы күрестің бірыңғай өңірлік жүйесін қалыптастыру, онкологиялық патоло­гиясы, қант диабеті бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйым­дастыру, трансфузиологиялық көмекті дамыту және электронды денсаулық сақтауды дамытудағы жұмысының маңызын атап өтті. Сонымен қатар А.Ғиният COVID-19-ға қатысты жағдай электронды денсаулық сақтау мен телемедициналық коммуни­кацияларды дамыту бойынша өзара іс-қимыл туралы шешімнің дұрыстығын растағанын да жеткізді.
«Электронды денсаулық сақтауды дамыту – жақын болашаққа арналған стратегиялық мақсат. Осыған байланысты электронды денсаулық сақтаудың ұлттық жүйелерін одан әрі дамыту және ТМД елдерінің трансшекаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігі, оның ішінде телемедициналық консультация жүргізу бөлігінде ерекше мәнге ие», – деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі.
Іс-шара барысында қатысушылар қант диабетінің, онкологиялық аурулар­дың алдын алу және емдеу, туберкулездің таралуының алдын алу бойынша ынты­мақтастық мәселелерін талқылады. Оты­рыс аясында көп сұрақ коронавирустың өршуі кезіндегі психикалық денсаулық және психоәлеуметтік қолдау, пациент­терге көмек көрсету кезінде медицина­лық қызметкерлердің эмоциялық күй­зелісі, сондай-ақ COVID-19-бен ауыра­тын науқастардағы психикалық бұзы­лулардың алдын алу, диагноз қою, емдеу және қал­пына келтіру секілді тақы­рыптарға арналды. Айта кетері, форум аясында Денсау­лық сақтау министрі Ажар Ғиният өзбек­стандық әріптесі Бехзод Мұсаевпен кез­десу өткізіп, 2023 жылға дейін денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамыту бойынша Жол картасына қол қойды.

Түркістан облысы