Тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды
Тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды
Фото: yandex.kz
715
оқылды
Қызылорда облысында тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, жасырын әрекет 17 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 12.30 шамасында анықталған. Флешканы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде бақылаушы байқаған.  width= Тыйым салынған затты қамауда отырған, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3-тармағымен айыпталушы 42 жастағы азаматқа әйелі әкелген. Мекеменің қырағы қызметкері мантының ішінен фольгаға оралған бір сұр түсті флешканы анықтады. Анықталған факті бойынша ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.