«Қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар» – Смайылов көшіп келген ресейліктерге қатысты пікір білдірді
«Қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар» – Смайылов көшіп келген ресейліктерге қатысты пікір білдірді
Фото: Тұрар Қазанғапов
851
оқылды
Кеше Премьер-Министр Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында Ресей Федерациясынан келушілер санының артуына қатысты қалыптасып отырған ахуал талқыланды. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Facebook парақшасында жазды. Кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналыстағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Осыған орай айтайын дегенім, шетел азаматтарына қызмет заң аясында ғана көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. Ал  көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда.