«Үздік даяшы – 2022»: жүзден жүйрік шыққандар
«Үздік даяшы – 2022»: жүзден жүйрік шыққандар
307
оқылды
Заман талабына сай қызмет көрсету саласына қойылатын талаптар күшейіп, мейрамханалар арасында бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Соған сай қызмет көрсету саласының мамандары өз кәсібилігін арттырып, шеберлігі ұштауда. Ел назарына іліне бермейтін қызмет – даяшы. 2022 Сырт көзге елене бермейтін жұмыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ мейрамханаға қонақтарының көңілін тауып, демалысын жақсы өткізуге атсалысатын қызметтің бірі. Соған қарамастан көбіне даяшының қызметі елеусіз қалып, ескерілмей жатады. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» ЖРО» КММ  мен Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен елордада қоғамдық тамақтандыру саласындағы мамандар арасында «Үздік» жобасы  ұйымдастырылды.  Соның аясында «Үздік даяшы – 2022» байқауы өтті. 2022 Байқаудың мақсаты – мамандықты танымал ету, кәсіби дағдыларды жетілдіру және қонақтарды күту қызметін жақсарту.  Соның арқасында мейрамханалардағы келушілердің саны артып, тамақтану саласындағы мамандардың кәсіби шеберлігіне көңіл аудару. Жоба жетекшісінің айтуынша, қызмет көрсету саласы бойынша бес түрлі үздік мамандық иелерін анықтамақ. Байқау жеңімпазына 350 мың теңге беріледі. Сонымен қатар  ең жылдам және ең жас маман ретінде екі номинация бар. 2022 – Бұған дейін ең үздік шиномонтажник байқауы өткен. Енді, міне екі күн бойы ең үздік даяшы мен баристаны анықтадық. Алдағы уақытта ең үздік жүк көтеруші және сантехникті анықтамақпыз. Осы бір көп елене бермейтін мамандықтың басым көпшілігінде жастарымыз жұмыс істейді. Оларды қолдау мақсатында осындай байқауды ұйымдастырып отырмыз. "Екі қолға – бір күрек" демекші, жұмыс істеймін деген жасты көтермелеуіміз керек. Бұл нәрсе жастарды жауапкершілікке тәрбиелеп, кәсібилігін шыңдай түседі, – деді Астана қаласы жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитов. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушының ең жасы – 14-те. Барлығы 20-дан астам адам қатысты. Байқаудың жеңімпазы Ира Сұлтанғазина атанды. Ал ең жас даяшы Диана Азатова атанса,  Ерасыл Тоғанбаев бойында харизмасы бар даяшы атанды. Қанат Рыспек үшінші орынды иеленіп, «ең перспективті даяшы» болды.