Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Жергілікті жұртпен кездесті. Бұл туралы БОРТ N1 Telegram арнасы хабарлады. Президент елмен жүздесуінде Астанадан бастау алған «Ұлы Дала жорығы» санаулы күннен соң Түркістанда өз мәресіне жететініне тоқталды. «Жақында Астанадан бастау алған «Ұлы Дала жорығы» санаулы күннен соң Түркістанда өз мәресіне жетеді. Мұның зор символдық мәні бар. Осы өңірде халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы барынша сақталған. Бір сөзбен айтқанда, Түркістан –халқымыздың қаймағы бұзылмаған қасиетті мекені», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.