Алматыда теракт ұйымдастыруға дайындалғандар ұсталды – ҰҚК
Алматыда теракт ұйымдастыруға дайындалғандар ұсталды – ҰҚК
Фото: Интернеттен алынды
180
оқылды
ҰҚК-ның хабарлауынша, Алматыда деструктив діни ағымын ұстанатын екі адамды ұстады. «2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде, Алматы қаласында деструктив діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды» делінген ҰҚК хабарламасында. Комитет мәліметінше, оларға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынғандар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған. ҰҚК-ның мәліметінше, тергеу әлі жалғасып жатыр.