Жалынды жастарға өмірде өзінің лайықты орнын табуға жағдай жасаймыз – Президент
Жалынды жастарға өмірде өзінің лайықты орнын табуға жағдай жасаймыз – Президент
Фото: БОРТ N1 Teleqram арнасынан алынды
691
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, жергілікті халықпен жүздесті. Бұл туралы БОРТ N1 Telegram арнасы хабарлады. Президент халықпен кездесуінде жастарға жағдай жасалатынын айтты. «Оңтүстіктегі 6 ауданда 900 мыңға жуық адам тұрады. Демографиялық өсім бойынша Сарыағаш ауданы көш бастап тұр. Сондықтан  осы ауданда перзентханасы бар медициналық кешен салуды тапсырамын. Оған қажетті қаржыны республикалық бюджеттен бөлу керек. Мұның бәрі тұрғындардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізері сөзсіз. Еліміздегі көпбалалы аналардың үштен бірі Түркістан облысында тұратыны белгілі. Сондықтан  бұл бастама сіздер үшін де өте маңызды. Біз жастарға жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың кәсіпкерлік бастамалары үшін өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Жастарымыз осындай мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, өз кәсібін бастайды деп сенемін. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет зейнеттегі қариялар мен бесік тербеткен аналарға қолдау көрсете береді. Ал  жалынды жастарға өмірде өзінің лайықты орнын табуға жағдай жасаймыз», – деді Президент.