Қостанай облысының бас дәрігері ресейліктерді жұмысқа қуана қабылдайтынын айтты
Қостанай облысының бас дәрігері ресейліктерді жұмысқа қуана қабылдайтынын айтты
© top-news.kz
650
оқылды
Қостанайдағы облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Моисеев шекара асып, Ресейден қашып келгендерді жұмысқа алуға дайын екенін айтты, – деп жазады Ulysmedia.kz
«Наш Костанай» басылымына сұхбат берген бас дәрігер ресейлік әріптестерінің Қостанайдан жұмыс сұрап жатқанын жасырған жоқ.
«Маған Ресейден уролог дәрігер жазып жатыр. Әйелі  – кардиолог. Екеуі де бізге келгісі келеді. Біз бұған тек қуанамыз, барлық заңды сұрақтарды шешеміз. Ресей азаматтығы бар мамандарға Қазақстанда тұру үшін ықтиярхат алу қажет, білімі жөніндегі құжаттарын нострификациялап, сертификат алып, жұмыс істеуі керек. Біз қалаған адамның бәрін қуана-қуана еңбекке орналастырамыз», – дейді Моисеев.
Басылым мәліметінше, мұнда Ресей азаматтығы бар неонатолог жұмыс істеп жатыр.