Байқоңырда ресейлік полицейлер мен қазақтар арасында жанжал шықты
Байқоңырда ресейлік полицейлер мен қазақтар арасында жанжал шықты
© stan.kz
1,735
оқылды
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Байқоңырда Қазақстан азаматтары мен Ресей күш құрылымдары арасында жанжал шыққанын айтты. Негізгі себеп жергілікті тұрғындар мерзімі өткен рұқсат қағаздарымен нысан аумағына кіруге әрекеттенген.  Министр болған жайттың рұқсат қағаздарына байланысты туындағанын түсіндірді.
Белгілі болғандай, рұқсаттаманың мерзімі өтіп кеткендіктен, азаматтарға өтуге шектеу қойылған. Сол себептен жергілікті тұрғындар мен Ресей полициясы арасында жанжал шыққан. Қазір барлығы бақылауда, – деп түсіндірді департамент басшысы.
Ол кіру режимінде ешқандай өзгеріс болмағанын және жанжалдың реттеліп қойғанын жеткізді.